«Бұқар жырау ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы

«Бұқар жырау ауданының құрметті азаматы»

атағын беру туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына, Қарағанды ​​облыстық мәслихатының VI сессиясының 2012 жылғы 28 маусымдағы №62 «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы» шешімімен бекітілген, «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесіне сәйкес (Қарағанды облысы Әділет департаментінде №1915 болып тіркелді) аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызмет атқарған кезеңінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін, мемлекеттік және саяси қайраткер,  еңбек ардагері, Белағаш ауылының тумасы Зейнелькабден Таукенович Балапановқа «Бұқар жырау ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін.
  2. Осы шешім аудандық «Buqar juraý jarshysy» газетінде жариялансын.
  3. Осы шешім оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

 

         Мәслихат төрағасы                                                        А. Әли

 

Дата публикации
06 января 2025