Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының күн
тәртібі туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына келесі мәселелер енгізілсін:
Аудандық мәслихат төрағасының «Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы жұмысы туралы» есебі туралы.
2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
2025-2027 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
Бұқар жырау аудандық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
«Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли