Аудандық мәслихаттың
жиырма екінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың жиырма екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.
- Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2024-2025 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы №5 «Баймырза, Тоғызқұдық, Ростов, Үштөбе, Самарқанд ауылдық округтері әкімдерінің халықты флюорографиялық тексеру әдісімен туберкулездің алдын алу және ерте анықтау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарына жәрдемдесу және туберкулезбен ауыратын және ауырған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
- 2024-2028 жылдарға арналған Бұқар жырау ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару бойынша бағдарламасын бекіту туралы.
- Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Севан ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №5 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №10 «2024-2026 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №7 «Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы.
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Бұқар жырау ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 07 ақпандағы 12 сессиясының №7 «Жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли