Он сегізінші сессиясының күн тәртібі

Аудандық мәслихаттың

он сегізінші  сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың он сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2023 жылғы аудандық бюджеттің, ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.
  2. Баймырза, Тоғызқұдық, Ростов, Үштөбе, Самарқанд ауылдық округтері әкімдерінің халықты флюорографиялық тексеру әдісімен туберкулездің алдын алу және ерте анықтау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарына жәрдемдесу және туберкулезбен ауыратын және ауырған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмысы туралы.
  3. Бұқар жырау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы. 
  4. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы №5 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы.
  6. Экономика, бюджеттік саясат, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
  7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

Мәслихат төрағасы                                                       А. Әли

 

 

Повестка дня
Дата публикации
05 июля 2024