Қоғамдық кеңес мүшелерінің ауданда өткізілетін іс-шараларға қатысуы.
Центральный ауылдық округі тұрғындарының жиналысында еңбекақы бойынша берешек, егіс науқанына дайындық, жанар-жағармаймен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және машина-трактор паркінің дайындығы мәселелері талқыланды. Осы жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Дардақов, ауылдық округінің әкімі М.В.Абрамова, Ұлттық ғылыми-мәдени орталық төрағасының орынбасары Д.С.Калдыбаева, Қоғамдық кеңес мүшесі Середа С.Г. қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшесі Булыбина С.В. (Көкпекті ауылы) жергілікті қоғамдастықтың кезекті жиынын өткізді. Күн тәртібінде: көше шамдарын жөндеу, жер беру, Ауған соғысы ардагерлері күнін ұйымдастыру және бюджетті құру.
Қоғамдық кеңес мүшесі Акимов К.Т. (Үштөбе ауылы) ауыл әкімімен бірге Сарыарқа ауылдағы мәдениет ошағын жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.
Қоғамдық кеңестің бір топ мүшелері Ботақара кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты.