Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 10, 13, 19 және 20 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Учаскелік сайлау комиссияларының осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа құрамдары сайлансын.
- Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 қарашадағы «2023 жылы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар» №98/798 қаулысымен бекітілген, 2023 жылы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдардың 14-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстарын шақыру ұсынылсын.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында Бұқар жырау ауданы учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау жөнінде мәслихат шешімі туралы хабарлама жариялансын.
- Шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы А. Әли