Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 10, 13, 19 және 20 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа құрамда сайлансын.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау жөнінде мәслихат шешімі туралы хабарлама жариялансын.
- Шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы А. Әли