Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына келесі мәселелер енгізілсін:
Бұқар жырау ауданы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған аудан әкімдігінің 2023 жылғы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру туралы есебі жөнінде.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін дамыту және күтіп-ұстау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің есебі туралы.
Ауданның қоғамдық орындарында және елді мекендердің көшелерінде бейнебақылау камераларын орнатуға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану бойынша кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің жұмысы туралы.
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі жөнінде.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясының есебі туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли