Аудандық мәслихаттың оныншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың оныншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- М.К. Нурлановтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- Аудандық мәслихат төрағасының есебі туралы.
- Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
- Аудан әкімдігінің ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салу және күтіп-ұстау, ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру, ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға жәрдем көрсету, ауданның аумағында карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу және тоқтату жөнінде шешімдерді қабылдау жөніндегі жұмысы туралы.
- Бұқар жырау ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
- 7. 2024-2026 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
- «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли