Бұқар жырау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала,
ішкі саясат және заңдылық мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссиясының жұмысы туралы
есебі
Құрметті депутаттар және тыңдаушылар!
Бұқар жырау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы 2023 жылғы 29 наурызда өткізілген аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес құрылған болатын. Комиссия құрамына, төрағасын қосқанда, жеті депутат мүше болып енді. Олар: Абдрашитов Азамат Садвакасович, Акишев Амантай Нуртаевич, Аманжолова Ольга Михайловна, Байсұлтан Арман Ерлікұлы, Исаинов Рустем Женисович, Токишев Азамат Сагиндыкович. Осы сессияда комиссия мүшелерінің ұсынысымен комиссия төрағалығына Акишев Амантай Нуртаевич бекітілді. 2023 жылдың 11 сәуірінде өткен тұрақты комиссия отырысында аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес комиссия төрағасының орынбасары болып Исаинов Рустем Женисович, комиссия хатшысы - Аманжолова Ольга Михайловна сайланды. Комиссия құрамының барлық мүшелері жоғары білімді. Бүгінгі күнге дейін комиссия құрамында өзгерістер болған жоқ. Комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-15 баптарын Бұқар жырау аудандық мәслихатының регламенттерін басшылыққа алып жүргізеді. 5 айлық жұмыс уақытында комиссиямен 6 отырыс өткізіліп, онда 25-тен аса сұрақтар қарастырылды. Қаралған сұрақтардың ішінде әлеуметтік мәселелердің қамтылуына комиссия мүшелерімен ерекше назар аударылады. Осы уақыт аралығында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерімен ономастика, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын атау, қайта атау, сондай-ақ атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту мәселелері бойынша өзара іс-қимылы туралы өзекті мәселеге тоқталып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшылығына, кенттер, ауылдар, ауылдық округтердің әкімдеріне осы мәселе бойынша жұмыста жіберілген кемшіліктерге қатысты ұсыныс беріліп, шешім қабылданды. Маусым айында экономика және қаржы бөлімі мен ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің 2022 жылғы аудандық бюджеттің, ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылғаны туралы есептері тыңдалды. Аудандағы ауқымы жағынан ең маңызды мәселердің бірі ауданның 2022-2023 жылдарға арналған аудан әкімдігінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы жұмысы бойынша есебі мен облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін дамыту және күтіп-ұстау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің есебі қаралып, тыңдалды. Есепті кезең арасында тұрақты комиссия мүшелері тұрақты комиссия мен аудандық мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарын, мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау, сайлаушылармен кездесу кестесін әзірлеу барысында ұйымдастырылған жұмысына ат салысып, оның уақтылы орындалуына белсенділік танытуда. Сессияларда әртүлі мәселелерді талқылау барысында депутаттармен өз сайлау округтерінде кездесетін проблемалық сұрақтарға (ауыз-су тарту, жылу, электр жарығы мен кәріз жүйелері, интернет желісі, үй және жол құрылысын жөндеу) ерекше назар аударылады, әр деңгейде ұсыныстар енгізіліп, өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша қорытынды шығарылып, қаулы қабылданды. Тұрақты комиссия мүшелері әрдайым мәжіліс депутаттарымен жұмыс барысында кездесіп, пікір алмасады. Сайлаушылармен кездесу және азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Депутаттар ауылдың қоғамдық жұмыстарынан, абаттандыру, тазалық жүргізу сенбіліктерінен қалыс қалмайды, елді-мекендерде өтетін жиындарға (әкімдердің халық алдында есеп беруі, қоғамдық тыңдаулар, жергілікті қоғамдастық отырысы т.б.) тұрақты түрде қатысып отырады. Атаулы мерекелер күндері мен өткізілетін әрбір мәдени шараларда тұрғындарға құттықтау-тілек жолданып, үрдіс бойынша еңбек және тыл ардагерлеріне, аз қамтылған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барып сый-сияпат жасалынады. Тұрақты комиссия мүшелерімен демеушілік көмекте көрсетіледі. Ақбел ауылындағы мешітке ауыл азаматтарымен бірігіп, мешіт көмекшісінің сұрауы бойынша мешіт ғимараты төбесінің жабындысы мен мұржасын қайта қалпына келтіруге арнайы құрал-саймандар сатып берілді. Сондай-ақ, комиссия мүшелері «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының өтуіне белсене ат салысады. Ботақара, Майөзек ауылдары мен Қушоқы кентінде балаларға тамыз айының аяғында қажетті кеңсе тауарлары сыйға тартылды.
Комиссия төрағасы Акишев А.Н.