Аудандық мәслихаттың жетінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың жетінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі жөнінде.
- 2023-2024 жылдағы ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.
- Ғ. Мұстафин кенті, Тұзды ауылдық округі әкімдерінің бюджеттердің шығыс және кіріс бөлігін сапалы жоспарлау бойынша мемлекеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қаржылық құжаттар мен есептерді ұсыну бойынша бюджет заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі жұмысы туралы.
- Бұқар жырау ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
- Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №10 «Бұқар жырау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі №11 «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы.
- Экономика, бюджеттік саясат, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли