2023-2024 жылдағы ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыстық
объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңдегі
жұмысқа дайындығы туралы
«Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы С.С. Нурмукановтың «2023-2024 жылдағы ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы» баяндамасын тыңдап, аудандық мәслихат 2023-2024 жылдағы ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы бойынша ауданда айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Ауданның барлық білім беру мекемелерімен жылыту жүйелерін реттеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылыту жүйелерін шаю және тұщыту жұмыстары жүргізіліп, көмір толық көлемде жеткізілді.
Аудандағы қазандықтарды резервтік қуат көздерімен қамтамасыз ету, циркуляциялық сорғыларын, жылу желілері мен жылу жүйелерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Электрмен және сумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетушілермен жоспарлы түрде қажетті профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңгі жұмысқа дайындығында кемшіліктер бар.
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйектегі жағдайы бойынша мәдениет объектілері мен кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының әкімшілік ғимараттарына көмір толық көлемде алынбаған.
Тұзды, Сарыарқа және Ақтөбе ауылдарындағы мәдениет объектілерінде блоктық-модульдік қазандықтар орнатылмаған.
Қушоқы ауылындағы орталық қазандықтың магистральдық жылу трассасы мен Доскей ауылындағы модульдік қазандық пен жылу желілерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталмаған, Үштөбе ауылындағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ететін модульдік қазандық жылыту маусымына дайын емес. Ғ.Мұстафин кентінде су құбырларын ауыстыру және су сақиналарын орнату жұмыстары жүргізілмеген.
Семізбұғы және Суықсу ауылдарының су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар сапасыз және толық көлемде жүргізілді. Семізбұғы ауылының су құбыры желілерінде мұнараны оқшаулау және сумен жабдықтаудың айналма жүйесіне қатысты жұмыстар орындалмаған. Суықсу ауылының су құбыры желілерінде су қысымының мұнарасы оқшауланбаған және апатты жағдайда қалуда.
Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
- осы сессия барысында аталған, 2023-2024 жылдағы әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы кезінде жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;
- 2023 жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде сеніп тапсырылған объектілердің жылыту маусымына 100% дайындығын қамтамасыз ету ұсынылсын.
- 2023 жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде Үштөбе ауылының қазандығын жаңғырту және Бейбітшілік көшесіндегі 3 қабатты жалға берілетін тұрғын үй мен көп қабатты үйлердің тұрғындарын жылумен жабдықтауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау қамтамасыз етілсін;
- Суықсу және Семізбұғы ауылдарындағы су құбыры желілері мен су қысымы мұнарасын және электр желілерін жөндеу бойынша жұмыстарды аяқтау үшін түпкiлiктi шаралар қабылдансын;
- жылыту маусымы басталғанға дейін Қушоқы кентінің магистральдық жылу трассасын жөндеу және Доскей ауылының Мир көшесіндегі 5 қабатты үйлерге жылу трассасын қосу бойынша жұмыстарды аяқтау қамтамасыз етілсін.
- Доскей ауылының модульдік қазандығына ағымдағы жөндеуді аяқтау;
- Доскей көшесіндегі 40, 41,42 көп қабатты үйлерге тұрақты және үздіксіз жылу беру үшін жылыту жүйелерін сәйкес келтіру қамтамасыз етілсін.
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 7) және 11) тармақшаларына сәйкес қысқы кезеңде су құбырлары мен тазарту құрылыстарының, жылу және электр желілерінің және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын, аудандық маңызы бар жолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстау қамтамасыз етілсін;
- аудандық мәслихат аппаратына 2023 жылдың 20 қазанына дейін 2023-2024 жылдағы ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы қорытынды ақпараты берілсін.
Мәслихат төрағасы А. Әли