Сессия жұмысындағы үзіліс туралы

Сессия жұмысындағы үзіліс туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабының 4-тармағына, Бұқар жырау аудандық  мәслихатының 18 сессиясының 2017 жылғы 10 қазандағы   № 17 «Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Бұқар жырау аудандық мәслихаты  Регламентінің 4,   15-тармақтарына   сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Аудандық мәслихаттың елу тоғызыншы сессиясының жұмысында  2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда, аудандық мәслихат сессиясының нормативтік құқықтық актісінің жобасын әділет органдарында келісу рәсімінен өткізу, оған қол қою және кейіннен мемлекеттік тіркеуге жолдау үшін үзіліс жасалсын.

 Сессия төрағасы                                      Г. Хомутова

 Мәслихат хатшысы                                           А. Әли

Сессия жұмысындағы үзіліс туралы
Дата публикации
24 декабря 2020