Аудандық мәслихаттың он үшінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың он үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Аудандық мәслихат хатшысының есебі туралы.
- 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- Бұқар жырау ауданының мәслихаттың 59 сессиясының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №5 «2021-2025 жылдарға арналған Бұқар жырау ауданының Даму бағдарламасын бекіту туралы» шешімін жою туралы.
- 2022-2024 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
- Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Мәслихат хатшысы А. Әли