Аудандық мәслихаттың оныншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың оныншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының қаулысы туралы.
- Аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы.
- «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы.
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.
- «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
- «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан халқын жолаушылар тасымалымен, автокөліктің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысымен, автожолдардың тиісті техникалық жағдайымен, сумен жабдықтау, су бұру жүйелері мен жылу желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
- Ботақара кенті әкімінің аудан орталығын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту, су және электрмен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы.
- Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 33 сессиясының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №6 «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 59 сессиясының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №11 «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Мәслихат хатшысы А. Әли