Аудандық мәслихат хатшысы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына және 5- бабының 6-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
- Алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихат өкілеттігінің аяқталуына байланысты, алтыншы шақырылымдағы Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы Асхат Сағадиұлы Әли 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап атқаратын лауазымынан босатылсын.
- 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихат өкілеттігі мерзіміне Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы болып Асхат Сағадиұлы Әли сайлансын.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы А. Әли