Қоғамдық кеңес мүшелерінің ауданда өткізілетін іс-шараларға қатысуы.

Қоғамдық кеңес мүшесі Ш .Р. Курбанов Бұқар жырау агротехникалық колледжінде Мустафина к. колледж студенттерімен және оқытушыларымен елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды, сондай-ақ ҚР Президентінің "Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы" Жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Б. Адамбаев ауыл еріктілерімен, Қазақмыс корпорациясы ЖШС Хаджиконган кенішінің қызметкерлерімен бірге Шешенқара ауылында ағаш отырғызу сенбілігіне қатысты .

Қоғамдық кеңестің мүшесі К. Т.Акимов Үштөбе ауылдық округінің әкімі С. Н. Шаховтың әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кеңесіне қатысты.

 

фото
 
фото
 
фото
 
фото
 
фото
Қоғамдық кеңес мүшелерінің ауданда өткізілетін іс-шараларға қатысуы.
Дата публикации
28 ноября 2022