2022 жылғы 29 маусымда М. А. Байғожиннің төрағалығымен ауданның Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі жай-күй және шаралар туралы», «Ауданның денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы», «Ботақара кентінің рұқсат етілмеген қоқыс орындарын абаттандыру, санитарлық тазарту және жою туралы», «Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну бойынша ХҚКО жұмысы туралы» мәселелер қаралды.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихатының хатшысы А. С. Әли қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Ауыл тұрғындарының проблемалық мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Қоғамдық кеңес барлық талқыланған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылдады.