2022 жылғы 28 қыркүйекте М.А. Байғожиннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

022 жылғы 28 қыркүйекте М.А. Байғожиннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына БАҚ өкілдері, "Бұқар жырау ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ директоры А. М. Жексембаева қатысты.

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі мемлекеттік қызмет туралы", "Балаларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру", "Ауданның мәдениет мекемелерінің жай-күйі және қызметін жақсарту шаралары" мәселелері қаралды.

Қоғамдық кеңес мүшелері "Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысының орынбасары Р.Д. Отыншинадан, МПК орталық аудандық ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары А. С. Мергенбаевадан, "Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ өкілі М. И. Толеуовтан өз пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Қоғамдық кеңес барлық талқыланған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылдады.

Қоғамдық кеңестің төрағасы М. А. Байғожин салтанатты түрде Қоғамдық кеңес мүшелеріне қызметтік куәлік табыс етті .

 

фото
 
фото
 
фото
 
фото
 
фото
2022 жылғы 28 қыркүйекте М.А. Байғожиннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Дата публикации
27 ноября 2022