Бұқар жырау ауданының 2022-2024 жылдарға арналған Қоғамдық кеңесінің құрамы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның талаптарына сәйкес қалыптастырылғанын хабарлаймыз. Жаңа құрамды қалыптастыру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынымдары ескерілді.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына барлығы - 29 ұсыныс келіп түсті. Барлық тілек білдірушілер ұсынылды. 2022 жылғы 3 наурызда құрамы аудандық мәслихаттың 14 сессиясының шешімімен бекітілді. Оған 13 адам кірді. Қоғамдық кеңестің құрамы 77% - ға жаңартылды. 30 жастан 59 жасқа дейінгі жас аралығы – 10 адам және 60 жастан асқан - 3 адам . Ерлер-11, әйелдер-2. Ұлттық құрамы бойынша қазақтар - 9 адам, орыстар – 1 адам, украиндықтар – 1 адам, шешендер – 1 адам, лезгин – 1 адам. Жоғары білімді 10 адам, бұл 77% құрайды.
Өз кандидаттарын қоғамдық бірлестіктер, партиялар, ұжымдар ұсынды: «Бұқар жырау аудандық кәсіпкерлер қауымдастығы», «Мүгедектер қоғамы», «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы бойынша ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы (АҚӨҰ және ММ)», «Ардагерлер ұйымы», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», ҚР «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының Бұқар жырау аудандық комитеті» филиалынан; «Amanat» партиясынан (барлығы 7 адам). 5 адам өзін - өзі ұсыну арқылы Қоғамдық кеңеске кірді, оның ішінде 2 - жеке кәсіпкер, жергілікті өзін-өзі басқару төрағасы, ғылыми қызметкер және зейнеткер.
Бұқар жырау ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамында мемлекеттік органдар өкілдерінің саны азайтылды. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес ауданның Қоғамдық кеңесінің құрамына 13 мүшесінің ішінде мемлекеттік органның 1 өкілі бар, бұл Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының 7% құрайды.
Ауданның Қоғамдық кеңесі бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істейді және аудандық мәслихаттың ресми сайтында maslihat.bukhar-zhirau.kz "Қоғамдық кеңес"бөлімінде орналастырылған.
Қоғамдық кеңес өз отырыстарында бірқатар мәселелерді қарады: Ұйымдастыру мәселелері: Қоғамдық кеңес төрағасын, Төралқасын сайлау ; Комиссия құрамын және олардың төрағаларын бекіту; Ауылдарды Қоғамдық кеңес мүшелеріне бекіту; "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзушылықтарын анықтау және жою мақсатында прокуратура жүзеге асыратын қызмет туралы"; "Бұқар жырау ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі қызметінің жай-күйі туралы.Орындалу мерзімі көрсетілген тиісті ұйымдарға ұсынымдар жолданды.
Қоғамдық кеңестің ұсынымдары мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады ("Қоғамдық кеңестер туралы"Заңның 1-бабының 8-тармағы).
Барлығы 2 отырыс өткізілді, 4 ұсыныс берілді, НҚА-ға 8 қорытынды берілді.
Қоғамдық кеңес мүшелері аудан, ауыл, кент әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне, сенбіліктерге, мал жаюға қатысты жиындарға, абаттандыру бойынша, "AMANAT" партиясы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысына және т. б. қатысты.
Қоғамдық кеңестің өткізетін іс-шаралары туралы ақпарат аудандық "Buqar jyray jarshysy" газетінің беттерінде, аудандық мәслихаттың ресми сайтында maslihat.bukhar-zhirau.kz "Қоғамдық кеңес" бөлімі жарияланады, ішкі саясат бөлімінің open_ bukarzhyrauaudany әлеуметтік желісінің Facebook, Инстаграм парақшаларында.