Бұқар жырау ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

Жалпы ережелер

  1. Осы Бұқар жырау аудандық Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» (бұдан әрі –Заң) Заңының 2-1-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» бұйрығына сәйкес әзірленді.
  2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер немесе Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.
Бұқар жырау ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереже
Дата публикации
18 ноября 2022