Аудан әкімінің өзіне
жүктелген функциялар мен
міндеттердің орындалуы туралы
есебі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Бұқар жырау аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебін тыңдап және талқылап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бұқар жырау ауданының әкімі Е.Б. Құсайынның өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі бекітілсін.
- Бұқар жырау ауданының әкімі Е.Б.Құсайынға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында одан әрі оң нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
- Бұқар жырау ауданының әкімдігі аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, экономикалық әлеуетті арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырсын және күшейтсін.
Мәслихат төрағасы А. Әли