Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәслихатының құрылу тарихынан

Бұқар жырау  аудандық мәслихатының құрылу тарихынан

Бұқар жырау аудандық мәслихаты 1997 жылы 30 шілдеде («Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы» 1997 жылғы 23 мамыр N 3528 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес) Тельман ауданының таратылып, Ульянов ауданына қосылғаннан кейін, Ульянов ауданы Бұқар жырау ауданы болып аталып, және (1997 жылғы 19 маусымдағы N 130 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер жағдайындағы жергiлiктi өкiлдi органдар жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес) 1994 жылы 7 наурыздағы сайланған бұрынғы Ульянов және Тельман ауданының мәслихаттарын (1993 жылғы 8 желтоқсан N3700 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi мен жергiлiктi өкiлдi органдары депутаттарының сайлауы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес) біріктіру нәтижесінде құрылды.
            Ульянов аудандық мәслихатының бірінші, ұйымдастыру сессиясы 1994 жылы 5 сәуірде өтті.
            Бұқар жырау аудандық мәслихатының он төртінші, ұйымдастыру сессиясы Ульянов және Тельман аудандық мәслихаттары депутаттарының біріккен құрамымен 1997 жылы 30 шілдеде өткізілді.
            Ульянов аудандық мәслихатының құрамында мәслихаттар біріккенге дейін 24 орынға 21 депутат болса, Тельман аудандық мәслихатының құрамында 20 орынға – 17 депутат болды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңы мен 2001 жылғы 8 мамырдағы №198 Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағанға дейін мәслихаттар, «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Мәслихат – депутаттар жиналысы деп аталған.

 Ульянов аудандық мәслихат-депутаттар жиналысы 1-ші сессиясының  қаулысы
                                                                                                     5 сәуір 1994 жыл

Аудандық мәслихат-депутаттар
жиналысы аппаратының
штаттары туралы
 
Аудандық мәслихат-депутаттар жиналысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
          1. «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына сәйкес, мәслихат-депутаттар жиналысының және оның органдарының қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін, депутаттарға олардың өкілдіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету үшін, мәслихат-жиналысы депутаттарының аппаратында саны үш адамнан тұратын штат құрылсын.
            2. Мәслихат-депутаттар жиналысы аппаратының еңбек ақысы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті белгілеген лимит пен арнайы бөлінген ақша мөлшерінде анықталады.
            3. Мәслихат-депутаттар жиналысы органдарының аппараты және оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі толығымен аудандық әкімшілік басшысының аппаратымен жүзеге асырылады.
 
Аудандық мәслихат-депутаттар
жиналысының хатшысы Т.Жахин

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Мәслихатының құрылу тарихынан
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы