Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес Ақтоғай ауданының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 11 адам, оның 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 9 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгісін аудандық мәслихат аппаратынан, 12- кабинет алуға болады);
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) сотталғандығың болуы не болмауы туралы анықтама;
5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Ақтоғай ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:
2022 жылдың 18 ақпаннан 2022 жылдың 03 наурызға (қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 100200 Ақтоғай ауылы, Бөкейхан даңғылы, 4 үй «Ақтоғай ауданының мәслихат аппараты» ММ, №12 кабинет немесе aktogai_maslihat@mail.ru электронды мекен-жайға жолдаулары қажет. Байланыс телефоны: 8 (71037) 21610, 21766.
Жұмыс тобы