2026 жылғы 27 тамызда Абай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында «Абай ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысы Д.А. Терешин Абай ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға арналған тарифтерді келісу туралы мәселе бойынша сөз сөйледі. Аталған мәселені талқылау барысында депутаттар аудан тұрғындарының мүдделерін ескере отырып, кейбір бағыттарға неғұрлым қолайлы тариф белгілеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттардың ұсыныстары одан әрі қарау үшін жіберілетін болады. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері, «ӘДІЛЕТ» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы, Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы қатысты.
2026 жылғы 27 тамызда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 57 кезектен тыс сессиясы өтті. Негізгі мәселелердің бірі Дубовка кентінде газдандыру бойынша жобаны іске асыру бөлігінде Абай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу болды. Аталған мәселе бойынша «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының м. а. Б.Б. Абдрахманова баяндама жасады. Сондай-ақ, депутаттар ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізумен байланысты әзірленген «Абай аудандық мәслихатының аппараты» ММ жаңа Ережесін бекітті. Қаралып отырған мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері, Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясының Абай аудандық филиалының төрағасы қатысты.
21 шілдеде Абай аудандық мәслихатында 56 кезектен тыс сессия өткізілді. Депутаттар Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшерін анықталды. «Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 25/249 «Абай ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша ТКШ бөлімінің басшысы Д.А. Терешин сөз сөйледі. Сондай-ақ, депутаттармен ауданның консультативтік-кеңесші органдарының құрамдары бекітіліп, өзгерістер енгізілді. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, «Әділет» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты
2026 жылдың 15 шілдесінде Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста «Jana Jol Servise» ЖШС директоры С.С. Аубакировтың «Абай ауданындағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, аумақтарды абаттандыру және ағымдағы жөндеу жөніндегі жай-күй мен шаралар туралы» мәселесі бойынша ақпараты тыңдалды. Мәселені тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері автомобиль жолдары мен қалаішілік қоғамдық кеңістіктерді тиісінше күтіп ұстау жөнінде ұсыныстар берді. Қоғамдық кеңестің жұмысына әкімнің орынбасары М.Ш. Кусайынов қатысты.
Бүгін, 2026 жылғы 21 мамырда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 53 кезектен тыс сессиясы өтті. Аудан бюджетіне ұсынылған өзгерістер туралы «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова баяндама жасады. Сессияда Абай ауданы бюджеттік комиссиясының құрамы бекітілді. Мәслихат депутаттары Абай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарына, сондай-ақ, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізді. Барлық қаралған мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері қабылданды. Сессияның жұмысына Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Ж. Қайролла, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.К. Халел, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.С. Кенжебаев қатысты.
Бүгін, 2026 жылғы 19 мамырда Абай аудандық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қала, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы 2025 жылғы есептерді қарады. Отырыс барысында «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова, Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Бектурова, сондай–ақ, бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – «Абай ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Б.К. Мурсалов, Абай қаласының әкімі Н.Б.Тасмағамбетов, Есенгелді а/о әкімі А.Л. Григорьян баяндама жасады. Қарау қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер талқыланып, бюджет қаражатын одан әрі тиімді пайдалану жөнінде тиісті ұсыныстар берілді. Депутаттар қаралған есептерді сессияның бекітуіне енгізді. Тұрақты комиссиялардың жұмысына Қоғамдық кеңестің төрағасы, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, Абай ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
2026 жылғы 29 сәуірде Абай аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясы өтті. Әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларына өзгеріс енгізу, оның мөлшерін белгілеу және Абай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау мәселесі бойынша «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы А.Ш. Таласовты тыңдады. Мәслихат депутаттарымен округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді. Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары К.Б. Кабдуалиева, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.В. Сергеева қатысты.
Бүгін 2026 жылғы 8 сәуірде Абай аудандық мәслихатының 51 кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінің мәселесі бойынша Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы Б.Р. Муталяпова сөз сөйледі. Бөлінген қаражат Дубовка ауылындағы: Абай, Самал, Ынтымақ, Қ.Аманжолова, Байқоңыр, Береке, Алаш, Достық, Ақ жол, Алабас көшелерінің бойындағы ауылішілік-автокөлік жолдарының орташа жөндеунің аяқталуына жұмсалады. Жөндеуге жататын жолдардың жалпы ұзындығы 8,85 шақырымды құрайды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Абай ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ауданның ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдері қатысты.
2026 жылғы 7 сәуірде Абай аудандық мәслихатында тұрақты комиссиялардың «Бақылау күні» өтіп, аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 14 наурыздағы № 16/153 «Топар кенті мен Дубовка ауылдық округі тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасы үшін жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» шешімінің орындалу барысы қарастырылды. Баяндамалармен Топар кентінің әкімі М.М.Сафаров пен Дубовка а/о әкімі Е.Д.Кисраунов тыңдалды. Мәслихат депутаттары А.Ж.Башекова мен А.О.Абишев балалар алаңына қызмет көрсету мәселесін, сонымен қатар Дубовка а/о заңсыз үйінділер бойынша мәселесін қозғады. Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылғы 27 қарашадағы №43 «Абай аудандық ветеринарлық станция» ШЖҚ МКК қызметі туралы» қаулысының орындалу барысы туралы аудандық ветеринарлық станцияның басшысы А.Т.Саменбаев тындалды. Мәслихат депутаттары аудандағы мал қорымдарының жағдайына бақылау жүргізу және елді мекендерде жаңа мал қорымдарын салу мәселелері көтерілді. Отырыс нәтижесі бойынша депутаттар тиісті қаулыларды қабылдады. Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның қоғамдық Кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысты.
2026 жылғы 7 сәуірде Абай аудандық мәслихатында әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілді. ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының жүзеге асырылу барысы туралы «Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы А.Қ.Қайықбай баяндама жасады. Арман Қобыландыұлы ауданда тілдерді оқыту Орталығының ашылу қажеттілігі туралы мәселені көтеріп, қазіргі таңда тұрғындар арасында мемлекеттік және шет тілдерін оқуға сұраныстың өсуін атап өтті, бірақ материалдық-техникалық, қаржылық және кадрлық мүмкіндіктердің шектеулігіне байланысты оқумен барлық қалағандар қамтылмайды. Сұрақты қарастыру нәтижесі бойынша тұрақты комиссиямен тиісті қаулы қабылданды. Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ММ басшылары, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, «AMANAT» партиясының Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Абай ауданының қоғамдық Кеңесінің төрағасы қатысты.