Абай аудандық мәслихаты Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

"Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы" ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығы негізінде Абай аудандық мәслихаты Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамы 12 адам санында айқындалды, оның ішінде: 8-азаматтық қоғамның өкілдері (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар), 4 – мемлекеттік органдардың өкілдері. 

Абай аудандық мәслихаты Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
Дата публикации
31 января 2022