GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Мәслихат туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
09 октября 2026
Қарабалық аудандық мәслихаты депутаттарының 2026 жылдың 3-тоқсанында өткізген жеке қабылдаулары бойынша Талдау

Қарабалық аудандық мәслихаты депутаттарының 2026 жылдың 3-тоқсанында өткізген жеке қабылдаулары бойынша

Талдау

2026 жылдың 3-тоқсанында Қарабалық аудандық мәслихатының депутаттары тарапынан 11 жеке қабылдау өткізіліп, 23 азамат қабылданды.

Қабылдаубарысындаазаматтардан 26 сұрақ қойылды, олардың 16-сы бойынша қабылдау кезінде түсіндірмелерберілді, 1 мәселеоңшешімінтапты.

9 өтінішбойыншақұзыреттіоргандарғадепутаттықсауалдаржолданды.

Барлықсауалдарбойыншажауаптаралынып, өтінішбілдіргеназаматтарғажолданды.

Азаматтардыңөтініштерінегізіненауылдардыабаттандыруға, елдімекенішілікжолдар мен аудандық маңызы бар жолдардыжөндеугеқатыстыболды.

10 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
Бүгін, 10 қыркүйекте, мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті, онда Қарабалық ауданы әлеуметтік сала объектілерін жылыту маусымына дайындау; Қарабалық ауданындағы жолдарды жазғы күтіп ұстау және Михайлов ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық дамуы мәселелері қаралды.
Ауданның әлеуметтік объектілерін жылыту маусымына дайындау, аудан жолдарын жазғы күтіп ұстау және Михайлов ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуын зерделеу мақсатында аудандық мәслихаттың жұмыс комиссиялары депутаттар мен мәслихат аппаратының қызметкерлері қатарынан ауылдық округтерге және ауылдарға барды.
Отырыс барысында аудан ұйымдары мен мекемелерінің басшыларының есептері тыңдалды.
ТКШ бөлімінің басшысы А.Л. Уалиевтің, аудандық аурухананың директоры А.Г. Исекованың және Қарабалық ауданының білім бөлімінің бас маманы Р.А. Ахметжановтың Қарабалық ауданының әлеуметтік сала объектілерінің жылыту маусымына дайындығы бойынша ақпараттарын тыңдағаннан кейін депутаттар осы бағытта белгілі бір жұмыстар жүргізілгенін атап өтіп, ұсыныстар берді.
Өз сөзінде Михайлов ауылдық округінің әкімі округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін, кіріс көздерін қалыптастыру туралы ақпаратты, сондай-ақ округті одан әрі дамытудың перспективаларын баяндады.
Сондай-ақ, мектеп директоры, фельдшерлік-акушерлік пункт фельдшері, ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, учаскелік полиция инспекторы және ветеринарлық пункт меңгерушісі тыңдалды.
Аудандық мәслихат депутаттары Т.А. Леванова мен М.Б. Танылов қорытынды сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
25 августа 2026
Кезктен тыс сессия
Бүгін, 2026 жылғы 25 тамызда аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия барысында Қарабалық ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету және Қарабалық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 181 «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Қарабалық ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету мәселесі бұған дейін жұмыс комиссиясында зерделеніп, мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала қаралған болатын. Аталған мәселе бойынша депутаттардың басым көпшілігі салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендетуді қолдап дауыс берді.
Екінші мәселе бойынша шешім бірауыздан қабылданды
09 июля 2026
2026 жылғы 2 тоқсанда Қарабалық аудандық мәслихат депутаттарының өткізген қабылдаулары бойынша ТАЛДАУ

2026 жылғы 2 тоқсандаҚарабалық аудандық мәслихатдепутаттарыныңөткізгенқабылдауларыбойынша ТАЛДАУ

 

 2026 жылдың 2 тоқсанында Қарабалық аудандық мәслихатының депутаттары 11 азаматтардың қабылдауын өткізді. Барлығы 18 азамат қабылданды.

Қабылдау барысында 24 мәселе көтерілді, оның ішінде: 14-не қабылдау барысында түсініктемелер берілді, 1-і оң шешілді.

9 өтініш бойынша тиісті құзыретті органдарға депутаттық сауалдар жолданды, оның ішінде 1-не жауаптар алынды, олардың нәтижелері бойынша өтініш білдірген азаматтар хабардар етілді және 8-і орындалуда.

Өтініштердің басым бөлігі ауылдарды абаттандыруға, ауылдық жолдар мен аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге, ұялы байланыс пен интернетке қатысты.

 

09 апреля 2026
2026 жылғы 1 тоқсанда Қарабалық аудандық мәслихат депутаттарының өткізген қабылдаулары бойынша ТАЛДАУ

2026 жылғы 1 тоқсандаҚарабалық аудандық мәслихатдепутаттарыныңөткізгенқабылдауларыбойынша ТАЛДАУ

 

2026 жылдың 1 тоқсанында Қарабалық аудандық мәслихатының депутаттары 12 азаматтардың қабылдауын өткізді. Барлығы 21 азамат қабылданды.

Қабылдау барысында 38 мәселе көтерілді, оның ішінде: 14-не қабылдау барысында түсініктемелер берілді, 3-і оң шешілді.

21 өтініш бойынша тиісті құзыретті органдарға депутаттық сауалдар жолданды, оның ішінде 19-на жауаптар алынды, олардың нәтижелері бойынша өтініш білдірген азаматтар хабардар етілді және 2-і орындалуда.

Өтініштердің басым бөлігі ауылдарды абаттандыруға, ауылдық жолдарды және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге, тұрғын үй көмегін көрсетуге қатысты.

22 января 2026
Кезектен тыс сессиясы
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, онда Қарабалық ауданы бойынша 2025 жылы шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы мәселе қаралды:
Осы мәселе бойынша кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.а. Б.Т. Сисенованы тыңдады.
Тиісті шешім қабылданды.
Негізгі құжаттар
26 декабря 2025
Очередная сессия районного маслихата
Ағымдағы жылдың 25-26 желтоқсанында Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті ХІІ сессиясы өткізілді, оған аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес сессияда Қарабалық ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджеті; Қарабалық аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған тұрақты комиссияларының жұмыс қорытындылары; Қарабалық ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары; Қарабалық аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары және Қарабалық ауданының ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің 2026-2027 жылдарға бюджеттері қаралды.
Қарабалық ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудан және ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасары А.А. Сиитова сөз сөйледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысы туралы 2025 жылы комиссия төрағалары Т.А. Леванова, И.В. Свиркович есеп берді.
Сондай-ақ, Қарабалық ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму және аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.
Жарнамалар
25 декабря 2025
Қарабалық аудандық мәслихаты депутаттарының 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған азаматтарды қабылдау кестесі
Негізгі құжаттар
24 декабря 2025
состоялась внеочередная сессия районного маслихата
✍️Бүгін Г.С. Балбаеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, онда аудан және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу; Қарабалық ауданының жер комиссиясының дербес құрамын бекіту мәселелері қаралды.
Ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне және аудандық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы А.Б. Кусайынованы тыңдады.
Ауданның жер комиссиясының жұмысы және комиссияның құрамы туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы А.М. Алимбаев сөз сөйледі.
Кезектен тыс сессияға шығарылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Негізгі құжаттар
05 декабря 2025
аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
✍️Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, онда Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімшілік - аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды..
Осы мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Б. Кусаинова сөз сөйледі.
Тиісті шешім қабылданды.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы