Қамысты аудандық мәслихатының көпшілік тыңдау ХАТТАМАСЫ

Қамысты аудандық мәслихатының көпшілік тыңдау

 ХАТТАМАСЫ

 

2026 жылғы 23 ақпан                                                     Қамысты ауылы

 

Өтетін орны: Қамысты ауданы әкімдігінің 2 қабаты,  мәжіліс залы   (аралас форматта:  ZOOM платформасында  онлайн және келіп қатысу).

 

Төраға: Серікбаев Данат Сапарұлы —Қамысты аудандық мәслихаты тұрақты клмиссиясының төрағасы.   

Қатысқандар:

- Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы  Ысқақов Н.О.

- Қамысты ауданы әкімінің орынбасары  Баекен С. Ж.;

- Қамысты аудандық мәслихатының депутаттары;

- Қамысты ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері;

- ауданның мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының басшылары;

- ауданның ардагерлер кеңесінің мүшелері;

- Қамысты ауылының тұрғындары;

- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі.

 

Күн тәртібі:

«Қамысты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бәсекелес ортаға беру туралы».

Тыңдалды: Сармурзина С.С. — «Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысы;

Баяндамашы, «Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың 2026 – 2030 жылдарға арналған жоспары» ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 894 қаулысымен бекітілгенін айтып өтті. «Қамысты» ЖШС бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесіне енгізілген (мерзімі — 2028 жыл). Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 10 хаттамасының 1.2-тармағына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 27-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 17-бабына сілтемелермен негізге алды.  Жекешелендірудің мәнін аукциондар мен тендерлер арқылы мемлекеттік мүлікті жеке секторға беру ретін түсіндірді.

Қосымша баяндамашы Н. М. Райымбеков – «Қамысты» ЖШС директорының орынбасары.

Кәсіпорынның қызметі туралы анықтама ұсынды. Кәсіпорын 1999 жылы құрылған, оның үлесі 100% мемлекеттік табиғи монополиялар субъектісі. Ауданның 5 ауылында (округтердің 55,6%) сумен қамтамасыз етеді, штат саны 29 адам, негізгі қаражат — 4179008,3 мың теңге. Қызметтер халық үшін толығымен субсидияланады. Стратегиялық маңыздылығын және баламаның жоқтығын атап өтті.

 

 

 

Талқылау  (сұрақтар мен жауаптары):

Жуламанов А.Ж. Қоғамдық кеңес мүшесі:

Сонда, біз мемлекеттік меншіктің мүлкін алуымыз керек пе?. Әсіресе субсидияланатын объектілермен шатастыруға болмайды. Басқа меншік иелеріне өзге қызметтерді субсидиялауға заңмен тыйым салынады. Егер басқа сатып алушы келсе, сыбайлас жемқорлық басталады, жабдықтар мен механизмдер басқа жаққа кетеді. Мемлекеттік меншікте сақтап қалуымыз қажет".

С.С. Сармурзинаның жауабы:  

"Біз бүгін бірден сауда-саттыққа шығару керек деп айтпаймыз. Шешім, қоғамдық тыңдаулардан кейін қабылданатын болады. Бюджет шығындарының бір бөлігін жоғары тұрған бюджеттен (облыстық)  субсидиялайды.  Жарғылық капиталын ұлғайтуға, оның ішінде арнайы техникалар, құрал мен жабдықтар сатып алуға трансферттер бөлінуде.  Облыс бойынша тізбеге  осындай 21  кәсіпорын енгізілген.

Қосымша ретінде, - бұрын (2021-2022 жылдары) «Қамысты» ЖШС бойынша екі рет тендерлер өткізілген – өтінімдер болмағанын атап өтті;  

Шешім қабылдады:

«Қамысты» ЖШС-нің табиғи монополиялар субъектісі ретінде халық үшін тарифтерді толық субсидиялауды және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, осы кәсіпорын  бәсекелестік ортаға БЕРІЛМЕЙДІ. 

Төраға                                                                    Серікбаев Д. С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 февраля 2026