Қамысты ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы

Қамысты  ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық

бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабы  3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                    өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының              1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық                                                                     мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Қамысты ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер –3233357,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –1147642,0  мың теңге;

салықтық емес түсімдер –  249809,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16738,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1819168,0 мың теңге;

2) шығындар – 2609357,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 3588,0 мың теңге,  оның ішінде:    

бюджеттік кредиттер – 38925,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 35337,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0  мың теңге, оның iшiнде:  қаржы активтерiн сатып алу – 0,0 мың теңге;           

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 620412,0 мың теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                      -620412,0 мың теңге.   

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 286716,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. Аудандық бюджетте 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеттен ауыл және ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялар  көлемі көзделсін, оның ішінде:

 2026 жылға  215 034,0 мың теңге сомасында;

         2027 жылға  287 319,0 мың теңге сомасында;

         2028 жылға  215 034,0 мың теңге сомасында.

2

 

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 38925,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредит түсімі көзделгені ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте Қамысты ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салуға, облыстық бюджеттен дамытуға арналған нысаналы трансферттер түсімі 400464,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде:

1) «Талдыкөл ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге  78000,0 мың теңге сомасында;

2)  мал қорымдарын сатып алуға 122500,0 мың теңге сомасында;

3) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй  сатып алуға 136553,0 мың теңге сомасында;

4) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге 8386,0 мың теңге сомасында.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте бюджеттің төмен тұрған деңгейіне трансферттер ескерілсін, оның ішінде:

           1) Қамысты ауылдық округіне 33000,0 мың теңге сомасында;

           2) Алтынсарин ауылына  5000,0 мың теңге сомасында.

  1. Қамысты ауданының жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 68817,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілмеген.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қамысты аудандық 

мәслихатының төрағасы                                                           Н. Искаков

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қамысты ауданы әкімдігінің

экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

басшысы

 

__________________З. Альдикешева

2025 жылғы «26» желтоқсан           

Дата публикации
31 декабря 2025