Қамысты ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру
Қамысты аудандық мәслихаты:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде Қамысты аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №1 отырысының хаттамасына сәйкес Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланатынын хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 11 (он бір) адам.
Мемлекеттік органнан өкілдік: 3 (үш) адам
Коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан өкілдік ету: 8 (сегіз) адам (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады).
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Пошталық мекенжай: «Қамысты аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, №61-үй, №218 кабинет, жұмыс телефон нөмірлері: 219-73, 22-1-94, 49-0-04.
Электрондық поштаның мекенжайы: kam-maslikhat@yandex.kz
Жұмыс тәртібі: «Қамысты ауданды мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар белгіленген:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы тиіс;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болмауы тиіс;
3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.
1) Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды мемлекеттік органның немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды өз бетінше немесе жазбаша келісімі арқылы талап етуіне ұсынады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
1) Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.