
Акбаев Болат Жолдасбаевич 1979 жылы 24 қаңтарда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Прогресс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2002 жылы Қостанай әлеуметтік академиясын, 2008 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтаған.
2000 жылы 25 желтоқсаннан бастап - Қамысты аудандық қаржы басқармасының бюджеттік бөлімінің жетекші маманы;
2005 жылы 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы 4 ұаңтар аралығында - Қамысты аудандық бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы;
2006 жылғы 4 қаңтардан бастап 2006 жылғы 2 қазан аралығында – Қамысты ауданы аудандық қаржы бөлімінің бас маманы
2006 жылғы 2 қазаннан бастап 2007 жылғы 14 қаңтар аралығында - Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2007 жылғы 15 қаңтардан бастап 2007 жылғы 2 наурыз аралығында - экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары;
2009 жылғы 2 наурыздан бастап 2010 жылғы 1 маусым аралығында - Қамысты аудандық сотының бас маманы;
2010 жылғы 1 маусымнан бастап 2011 жылғы 21 ақпан аралығында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары;
2011 жылы 22 ақпаннан бастап 2011 жылы 9 желтоқсан аралығында Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2011 жылы 9 желтоқсаннан бастап 2012 жылы 25 желтоқсан аралығында Қамысты ауданы әкімі аппаратының ақпарат бөлімінің бастығы;
2012 жылы 25 желтоқсаннан бастап 2014 жылы 3 наурыз аралығында Қамысты ауданы әкімінің кеңесшісі;
2014 жылы 3 наурыздан бастап 2017 жылы 30 сәуір аралығында Қамысты аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдық – құқытық бөлімінің басшысы;
2017 жылы 1 мамырдан бастап 2022 жылы 30 маусым аралығында Қамысты аудандық мәслихаты аппаратының басшысы;
2022 жылы 4 шілдеден бастап 2022 жылы 30 қыркүйек аралығында Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы сыртқы экономикалық байланыс және сауда бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы.
2022 жылы 3 қазаннан бастап осы уақыт бойынша - Қамысты аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.