
Куламбаева Айкун Сандыбековна 30.07.1967 жылы Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1990-1991 жылдар аралығында Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасында интернатурадан өтті.
Куламбаева Айкун Сандыбековна Қамысты орталық аудандық ауруханасында дәрігер-офтальмолог болып жұмыс істейді, Аудандық аурухана кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың 1 ,6, 7 шақырылымының депутаты.
Еңбек жолын 1991 жылы Қамысты аудандық орталық ауруханасында дәрігер-офтальмолог болып бастап, осы уақытқа дейін қызмет етіп келеді.