Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Саяси партиялар мен қоғамдық

бірлестіктердің басшыларының назарына!

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты тиісті учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді.  Бос орындар келесі комиссияларда құрылады:

         №128 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын;

         №135 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын;

         №139 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын;

         №141 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 бос орын.

        

         Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2023 жылдың                                10 қаңтары - 2023 жылдың 26 қаңтары аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Атырау облысы,  Исатай ауданы,  Егемен Қазақстан көшесі - 11,  1 – қатар, 19 - бөлме.

Құжаттарды  жинауға жауапты тұлғаның аты-жөні:

Насиханов Мүтиғолла Атоллаұлы.

Байланыс телефоны: 8/71231/ 2 - 04- 53

Электронды поштаның мекен-жайы: isatai_maslihat@mail.ru

Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00 дан  18.00 ге  дейін.

         Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Исатай аудандық  мәслихатының хатшысы Мұханбеталиев Нұрлан Есенұлы атына жолдайды. Оған:  

  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың Жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының облыстық аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
  • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

 

                                  Исатай аудандық  мәслихаты

Дата публикации
09 января 2023