Исатай ауданындық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының бос орынын толтыру бойынша келесі бағыттарға сәйкес ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды:
1) сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:
Біліктілік талаптары:
жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде;
Жұмыс өтілі мемлекеттік лауазымдарда үш жылдан кем емес немесе құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында біржылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Мәслихат хатшысы