Аққыстау ауылы село Аккистау
|
«Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2 және 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған «Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. 2. Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 42-VI «Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. |
Аудандық мәслихат хатшысы Н.Муханбеталиев
|
Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы № 134-VII шешіміне қосымша |
«Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
10.Мемлекеттік органның толық атауы:
1) мемлекеттік тілде - «Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2) орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат Исатайского районного маслихата».
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан мәслихат құзыреті мәселелері бойынша қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
2) мәслихат аппаратын жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру;
1) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудандық мәслихаттың құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
2) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлейді және оны аудандық бюджеттің жобаларына, ауданның даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізеді;
3) сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
4) аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады.
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) аудандық мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылардың өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) аудандық мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастама жасаған аудандық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкiл болады;
11) аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
12) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, шешуші дауыс құқығын пайдаланады;
13) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
14) «Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
15) аудандық мәслихат хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін тұрақты негізде жұмыс істейтін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
1) аппарат қызметкерлерінің қызметін жоспарлау және түзету;
2) аппараттағы құжаттарды ресімдеу және орындау мерзімдерін бақылау;
3) депутаттардың өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету:
4) аудандық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімінің қызметін басшылыққа алу, сессияларға, тұрақты комиссия отырыстарына және мәслихаттың басқа іс-шараларына дайындалу және өткізуді ұйымдастыру;
5) мәслихат шешімдерін, сессияда айтылған сын ескертулер мен ұсыныстардың орындалуын бақылау;
6) бухгалтерлік есеп жүргізуді, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті сақтауды, негізгі қорларды, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу өткізудің белгіленген тәртібін, есептер мен төлем міндеттемелерін, шығынға жазудың заңдылығын сақтауды бақылау;
7) қызметкерлердің еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін сақтауды бақылау, еңбек тәртібін нығайту және жұмыс уақытының шығыстары бойынша іс шаралар әзірлеу, олардың орныдалуын бақылау.