Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №64-VIII «Исатай ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (237-VIII)

Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №64-VIII «Исатай ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы К.Губашевтің 2026 жылғы 1 сәуірдегі №9 және 2026 жылғы 10 сәуірдегі №10 шешімдеріне сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №64-VIII «Исатай ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Өзінің арызы негізінде:

         №136 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалы ұсынған өкіл  - Кисимов Нурлан Болатович;

         №136 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан «Қазақстан халық партиясы» ҚБ-нің Атырау облыстық филиалы ұсынған өкіл - Ажибаева Нурлыгул Кожабаевна;

         №142 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан «Исатай ауданының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған өкіл – Елеубай ұлы Ақжол шығарылсын.

         2) Учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына:

         №134 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына "Азат-Азамат" жастар қоғамдық бірлестігі ұсынған өкіл  - Махамбетов Алтынбек Махамбетұлы;

         №135 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына "AMANAT" партиясы Исатай аудандық филиалы ұсынған өкіл - Губашев Мырзахмет Нургуатович сайлансын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратына (А. Нұрлыбековке) жүктелсін.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                                                 А. Рахметов

                                                                                             

Дата публикации
25 мая 2026