Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабының 3
тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен
бекітілген Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға,
сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес, Исатай
аудандық маслихаты : ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
1. Исатай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы
шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Исатай аудандық мәслихатының төрағасы А. Рахметов