GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
28 сентября 2026
Мәслихат депутаттары Ырғыз ауданының әкімі қызметіне жаңа кандидатураны қолдады

Бүгін, 28 қыркүйекте Ырғыз аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы өтті. Жиынға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат төрағасы Марат Тұрымов пен депутаттар қатысты.

Сессия барысында облыс әкімі Ырғыз ауданының әкімі лауазымына Рүстем Баймырзаұлы Өтешовтің кандидатурасын ұсынды. Өңір басшысы кандидаттың өмірбаяны мен еңбек жолын таныстырды.

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Жиын соңында Асхат Шахаров пен мәслихат депутаттары Рүстем Өтешовке жаңа қызметінде табыс тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмысына сәттілік тіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы