Аудандық мәслихаттың кезекті қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты төрағасының

                     ШЕШІМІ

2026 жылғы «1» сәуір                    №45                              Ырғыз ауылы

Аудандық мәслихаттың кезекті қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

Аудандық мәслихаттың кезекті қырық бесінші сессиясы 2026 жылғы  9 сәуір  күні сағат  10:00-ге  шақырылсын.

  

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

 

  1. Аудан көлемінде жүріп жатқан және 2026 жылға жоспарланған құрылыс мәселелері туралы.

Хабарламашы: Е.Сағитжанұлы – Аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.

  1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №280 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      Хабарламашы: Г.Жансүгірова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясының күн тәртібін белгілеп бекіту туралы.

Хабарламашы: С.Дербісалин – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы.

 

        Аудандық мәслихат

                төрағасы:                                                  М.Турымов

Аудандық мәслихаттың кезекті қырық бесінші сессиясын шақыру
Дата публикации
07 апреля 2026