«16» наурыз 2026 жыл Ырғыз ауылы
Жұмыс тобының басшысы, аудандық мәслихат төрағасы: М.Тұрымов – Құрметті комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық Кеңестер туралы» №383-V Заңының 9 бабына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурсқа құжат тапсырған кандидаттар тізімі төмендегідей ретте:
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурсқа құжат тапсырған кандидаттар тізімі
|
№ |
Аты - жөні |
Лауазымы |
Құжат тапсырған күні |
|
1 |
Мирон Сәулет Бауыржанқызы |
Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде, кітапханашы (Өзін-өзі ұсынған) |
06.03.2026 ж |
|
2 |
Асқарқызы Жұлдызай |
Аудандық жастар орталығының инспектор маманы (Өзін-өзі ұсынған) |
06.03.2026 ж |
Жұмыс тобының басшысы: М.Турымов – Бүгінгі отырысқа ашықтықты және объетивтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде «AMANAT» партиясының Ырғыз аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Оразымбетова қатысып отыр. Ендігі кезекте тиісті заңдылықтарға сәйкес Қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурсқа құжат тапсырған әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізіп, оларға бағалау парағын толтырып, ашық дауыспен сайлауымыз қажет. Қосымша конкурсқа құжат тапсырған 2 адам.
2 үміткерге бағалау парағын толтырып оларды ашық дауыс беру жолымен сайлайтын боламыз.
(Бағалау парағын толтыруға 15-20 минут беріледі)
Жұмыс тобының басшысы: М.Турымов – Бағалау парақтары әрбір үміткерге толтырылды, енді ашық дауыспен сайлауды жүзеге асырамыз.
«Қарсы» - 1, «Қалыс» - 0, «Жақтап» - 4.
С.Мирон қоғамдық кеңес мүшесі болып сайланды.
«Қарсы» - 3, «Қалыс» - 0, «Жақтап» - 2.
Ж.Асқарқызы қоғамдық кеңес мүшелігіне сайланған жоқ.
Жұмыс тобының басшысы: М.Турымов – Құрметті комиссия мүшелері аудандық қоғамдық кеңестің құрамына сайлау процесі аяқталды. Құжаттарын тапсырып алайда сайланбай қалған кандидат Ж.Асқарқызын резервтер тізіміне енгізуге ұсыныс жасаймын.
(Ұсыныс бірауыздан мақұлданды)
Жұмыс тобының басшысы: М.Турымов – Сонымен, Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс бойынша кандидаттар сайланып болды. Тиісті заңдылықтарға сәйкес Қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурс қорытындысымен сайланған кандидатты өзіме бекітуге қалдырамын.
Жұмыс тобының басшысы: М.Турымов