Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6,7 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 6 ақпандағы «Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» №110 шешіміне өзгерістер енгізіліп, №1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып бекітілсін.
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 6 ақпандағы «Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» №111 шешіміне өзерістер енгізіліп, №2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып бекітілсін.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов
00315*