Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6,7 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 12 ақпандағы «Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» №307 шешімімен бекітілген комиссияның дербес құрамына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Бекеев Нұрберген Базарбайұлы – Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары, жер комиссиясының төрағасы болып өзгертілсін.
Комиссия құрамынан Қонақбаев Серік Көбекұлы шығарылсын.
Комиссия құрамына Сағитжанұлы Ербол – «Ырғыз аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы болып енгізілсін..
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов
00314*