Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының
3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
6-бабына, Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» №281 шешіміне сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 123 791 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 74 595 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 797 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 теңге;
трансферттер түсімі – 45 399 мың теңге;
2) шығындар – 136 514 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12 723 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12 723 теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
00313*
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 723 теңге. »;
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |