Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесі, Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі.
Пошталық мекен жайы: 030400, Ырғыз ауылы, Абай көшесі№96, №32 каб. Электрондық пошта адресі: yrghyz.maslihat@yandex.kz
Анықтама үшін телефондар: 79-0-21 және 79-0-23.
Қоғамдық кеңестің бос орынына: 1 адам.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні (23 ақпан мен 9 наурыз аралығы) ішінде хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Ырғыз ауданы шегінде тұратын, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлер конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығыныңболуы не болмауытуралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Сонымен қатар, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін екендігін хабарлаймыз.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.
Құжаттарды коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар жазбаша түрде Ырғыз ауылы, Абай көшесі №96, №32 каб. мекен-жайы бойынша, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электрондық тасымалдағышта ұсынады.
Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттарды ұсынған кезде Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат оған қатысты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өз келісімін береді.