Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6,7 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 6 ақпандағы «Аудан әкімідігінің дербес құрамымен келісу туралы» №108 шешіміне өзгерістер енгізіліп, №1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 6 ақпандағы «Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» №110 шешіміне өзгерістер енгізіліп, №2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып бекітілсін.
  3. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 6 ақпандағы «Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» №111 шешіміне өзерістер енгізіліп, №3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып бекітілсін.

 

 

  Аудандық мәслихат

           төрағасы:                                                    М.Турымов                              

Решение
Дата публикации
18 февраля 2026