Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96-бабының
3-тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 4 612 033 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 859 300 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 75 415 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 3 671 318 мың теңге;
2) шығындар – 4 210 193,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 56 534 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 90 825 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 34 291 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 345 305,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 345 305,1 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 90 825 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 568 364 мың теңге.
00306*
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 132 233,9 мың теңге.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
көлік инфрақұрылымын дамытуға - 670 229 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға - 20 950 мың теңге;
көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 896 895 мың теңге;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін қолдануды ұйымдастыруға – 1 932 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға - 19 963 мың теңге;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға - 1 640 мың теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 153 047 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов