Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясы                                  2026 жылғы  12 ақпан  күні сағат  11:00-ге  шақырылсын.

           

 

     

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

 

  1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №280 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      Хабарламашы: Г.Жансүгірова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

2. Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы

          Хабарламашы: А.Баймұханов - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

  1. Т.б мәселелер
Сессияға шақыру
Дата публикации
12 февраля 2026