|
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігінен шығып қалған бос орындарға сайлау үдерісінің басталуы туралы Ырғыз аудандық мәслихаты хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 22 қаңтар – 5 ақпан аралығында ұсыныстары белгіленген жағдайда, мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәлімет; 2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді; 3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға, Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруы тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабының 2 тармағында көзделген, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлеріболмауғатиіс. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір жәнеата-анасы бөлекаға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесежұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар қолқойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 6 ақпанына дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12.30-дан 14:00-ге дейін. Мәслихаттың мекен-жайы: Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі. Жауапты тұлға –Сермағанбетов Ерғазы Абатұлы, қалааралық телефон коды (871343), қызмет телефоны, факс: 79-0-21, ұялы телефоны 8-705-107-06-65 электрондық пошта: irgizmaslikhat@mail.ru |
|
|
|
|
Сайлау комиссиялары бойынша бос орындар
|
№ |
Комиссия атауы |
саны |
|
Округтік сайлау комиссиялары |
||
|
1 |
№9 округтік сайлау комиссиясы |
2 |
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
||
|
1 |
№216 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
2 |
№227 учаскелік сайлау комиссиясы |
2 |
|
3 |
№229 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
4 |
№231 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
5 |
№234 учаскелік сайлау комиссиясы |
2 |
|
6 |
№236 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |
|
7 |
№239 учаскелік сайлау комиссиясы |
1 |