Ырғыз ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 67-тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қосымшадағы Ырғыз ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін (бұдан әрі - Жоспар).
  2. Аудандық бөлімдер жоспарда белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміаудандық бөлімдермен бірлесіп, белгіленген тәртіпке сәйкес Жоспардың іске асырылуын және мониторингін жүргізсін.

 

 

          Аудандық мәслихат

                   төрағасы:                                                                 М.Турымов

Шешім
Дата публикации
16 января 2026