2026-2028 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының
3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
6-бабына, Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы                            «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» №281 шешіміне сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 39 760 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –  0 теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

2) шығындар – 39 760 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
 0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –  мың теңге.»;

  1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №281 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне сәйкес 2026 жылға аудандық бюджеттен Нұра ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенция 29 792 мың теңге сомасында көзделді.

                                                                                    00300*

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

    төрағасы:                                                  М.Турымов

 

 

 

 

 

Шешім
Дата публикации
16 января 2026